Жариялауға ұсынылатын ғылыми мақалалар (шолуларды қоса алғанда) журналдың мақсаты мен бағытына сәйкес келуі және келесі талаптарға сай болуы керек:

 

Мақала мәтінінің форматына қойылатын талаптар:

• мәтіндік редактор – Microsoft Word;
• қаріп – Times New Roman, 11 кегль (мақаланың негізгі мәтіні үшін);
• жоларалық интервал – бірлік;
• жиектері: жоғарғы, төменгі, оң, сол – 2 см;
• абзацтық шегініс – 1 см.

Көрсетілген форматтағы мақаланың көлемі кемінде 5 бет, 10 беттен аспауы тиіс.

 

Мақаланың құрылымына қойылатын талаптар:

1.                   Мақаланың атауы

2.                   Аннотация

3.                   Түйінді сөздер (кемінде 7 сөз)

4.                   Кіріспе

5.                   Материалдар мен әдістер

6.                   Нәтижелер / Талқылау

7.                   Қорытынды

8.                   Қаржыландыру туралы ақпарат (бар болған жағдайда)

9.                   Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

10.                References (әдебиеттер тізімін транслитерация)

Қазақ мәтінін кириллицадан латын әліпбиіне транслитерациялау үшін https://qazlat.kz сайтындағы онлайн конвертерді пайдалануды ұсынамыз. Орыс мәтінін кириллицадан латын әліпбиіне транслитерациялау үшін https://translitonline.com/ сайтындағы онлайн конвертерді пайдаланыңыз.

 

Аннотацияға қойылатын талаптар:

1.                   Мәселенің мәні

2.                   Зерттеу мақсаты

3.                   Қолданылған зерттеу әдістері

4.                   Нәтижелер және олардың маңыздылығы

5.                   Аннотация көлемі кемінде 50, ең көбі 300 сөз

 

Жарияланымның міндетті элементтері:

• мақала тақырыбын барынша нақты ашып көрсететін УДК индексі, қаріп Times New Roman 11 кегль, одан кейін абзацтық шегініс;

• автордың (қосалқы авторлардың) аты (бас әріппен) және тегі (толық бас әріптермен) орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде, қаріп Times New Roman 10 кегль, курсив;

• авторлар туралы мәліметтер: ғылыми дәрежелері, жұмыс орындары (бөлімше, қызметі), байланыс ақпараты (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде) және e-mail, қаріп Times New Roman 10 кегль, курсив, одан кейін абзацтық шегініс;

• мақаланың атауы бас әріптермен, қалың қаріппен (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде), қаріп Times New Roman 11 кегль, одан кейін абзацтық шегініс;

• мақала аннотациясы мен түйінді сөздері орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде, қаріп Times New Roman 10 кегль (алдымен жарияланым ұсынылған тілдегі аннотация беріледі);

• Назар аударыңыз: кез келген қысқартулар, соның ішінде аббревиатуралар тек түпнұсқа тілде ғана қолданылады (басқа тілдерде толық жазылуы қажет);

• мақала мәтіні құрылымға сәйкес екі абзацтық шегіністен кейін беріледі, қаріп Times New Roman 11 кегль;

• пайдаланылған әдебиеттер тізімі және references, абзацтық шегініс, қаріп Times New Roman 10 кегль.

 

Мақаланы рәсімдеу үлгісі.

Сілтемелерді рәсімдеуге қойылатын талаптар: Әдебиетке сілтеме төртбұрышты жақшада көрсетіледі, одан кейін үтір арқылы кіші әріппен «с.» (бет) белгісі және бет нөмірі жазылады.

Сілтемені рәсімдеу үлгісін қараңыз: «Әрі қарай тақырыптық бағыттар бойынша жоспарларды және факультеттер жоспарларын талдау нәтижелері негізінде келесі жоспарлы кезеңге арналған жоспар жобалары құрастырылады» [22, б.34].

 

Иллюстрациялар, сызбалар және суреттерді рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Барлық иллюстрациялардың атауы болуы тиіс және қажет болған жағдайда түсіндірме деректер (сурет астындағы мәтін Times New Roman 10 кегль) беріледі; барлық иллюстрацияларға мақала мәтінінде сілтемелер жасалуы қажет. «Сурет» сөзі, оның реттік нөмірі, атауы және түсіндірме деректері суреттің тікелей астына орналастырылады. Иллюстрациялар араб цифрларымен тұтас нөмірлеу арқылы белгіленеді, қаріп Times New Roman 10 кегль. Егер сурет біреу ғана болса, ол нөмірленбейді.

Жарияланымға енгізілетін сызбалар, графиктер, диаграммалар, схемалар мен иллюстрациялар мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес болуы тиіс.

Барлық иллюстрациялар, схемалар және суреттер тек қара-ақ түсте және мәтінге тіркелген түрде ұсынылуы қажет.

 

Иллюстрациялар, схемалар және суреттерді рәсімдеу үлгісін қараңыз.

Сурет 7 – Қазақстандағы денсаулық сақтауға жұмсалатын шығындардың динамикасы

Ескерту – автор тарапынан деректер негізінде құрастырылған [5,9,12]

 

Кестелерді рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Барлық кестелердің атауы болуы тиіс (Times New Roman 10 кегль) және мәтінде оларға сілтеме жасалуы қажет. Кестенің атауы оның мазмұнын нақты, қысқа әрі дәл көрсетуі керек және кестенің үстіне орналастырылады.

Кесте мәтінде алғаш рет аталған абзацтан кейін тікелей орналастырылады. Жолдары көп кестені келесі бетке көшіруге рұқсат етіледі.

Бағаналардың тақырыптары, әдетте, кесте жолдарына параллель түрде жазылады, қажет болған жағдайда баған тақырыптарын перпендикуляр түрде орналастыруға болады. Кесте ішіндегі мәліметтер: Times New Roman 10 кегль.

Барлық кестелер мәтінге тіркелген болуы тиіс.

 

Кесте рәсімдеу үлгісі:

Кесте 1 – Қазақстанның өндіруші және өңдеуші өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігі көрсеткіштері

Әдебиеттер тізімін және References рәсімдеуге қойылатын талаптар:

Әдебиеттер тізімі ГОСТ R 7.5–98 / ГОСТ 7.1-2003 стандартына сәйкес бөлек бөлім ретінде форматталуы және дереккөздердің түпнұсқа тілінде ұсынылуы тиіс. Әрбір дереккөзге тиісті сілтеме жасалуы тиіс.

Әдебиеттерді рәсімдеу кезінде төмендегілер көрсетіледі:

• Автор (тегі мен инициалдары курсивпен) – (Бендина Н.В.)

• Дереккөз атауы, тырнақшасыз, бас әріппен жазылады – (Маркетинг (дәрістер конспектісі): Емтиханға дайындыққа арналған құрал.-), нүкте және сызықша қойылады. Сызықшадан кейін қала, қос нүкте «:», баспа, үтірден кейін шыққан жылы жазылады – (- М: Приор, 2000.)

• Соңында нүкте қойылады, бет саны көрсетіліп, «с» әрпі жазылады – (123 б.)

Периодикалық басылымдарды рәсімдеу кезінде:

• Автор (тегі және инициалдары)

• Мақала атауы, тырнақшасыз, бас әріппен, екі қиғаш сызықпен //

• Дереккөз атауы (журнал, газет), бас әріппен, кейін нүкте және сызықша

• Шығарылған жылы (нүкте, сызықша), № (нүкте, сызықша), кейін ақпарат орналасқан беттер – (С.1–127.)

• Интернет деректерін пайдалану кезінде: [Электрондық ресурс] деп көрсетіледі және қол жеткізу режимі: (сілтеме) жазылады.

Әдебиеттер тізімі мақалада сілтеме жасалу реті бойынша беріледі, Times New Roman 10 кегль қаріпімен рәсімделеді.

 

Әдебиеттер тізімін рәсімдеу үлгісі:

1. Татаркин А.И. Экономика региона на пути стабилизации / под ред. А.И. Татаркина. – Екатеринбург: ИЭУрО РАН, 2002. – 444 c.

2. Пузанков Д.В., Рябов В.Ф., Мамонтов А.Н. Система стратегического планирования развития университета // Университетское управление: практика и анализ. – 2002. – № 2(21). – C. 27-36.

3. Закон Республики Казахстан от 19 января 2011 года № 395-IV 3РК «О статусе «Назарбаев Университет», «Назарбаев Интеллектуальные Школы» и «Назарбаев Фонд» [Электронный ресурс] Режим доступа: http://www.kazpravda.kz/_pdf/jan11/260111.

 

References рәсімдеу үлгісін қараңыз:

1. Tatarkin A.I. Ekonomika regiona na puti stabilizatsii / pod red. A.I. Tatarkina. – Yekaterinburg: Institut ekonomiki Ural'skogo otdeleniya Rossiyskoy Akademii nauk (Russian), 2002. – 444 c.

2. Puzankov D.V., Ryabov V.F., Mamontov A.N. Sistema strategicheskogo planirovaniya razvitiya universiteta // Universitetskoye upravleniye: praktika i analiz (Russian). – 2002. – № 2(21). – C. 27-36.

 

Мақала мәтіні (авторлары бар мәтін және рецензенттер үшін авторсыз мәтін) автор мақаланы жіберу жүйесінде тіркеліп, рұқсат бергеннен кейін (https://dorm.keu.kz/nii/)қосымша беті арқылы электронды түрде ұсынылады.