«ҚЭУ хабаршысы» журналы – рецензияланатын, көптілді (қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде) және ашық ғылыми журнал. Журнал бұрын жарияланбаған ғылыми мақалаларды келесі бағыттар бойынша қарастырады: Экономика, Философия, Педагогика, Юриспруденция. Журнал беттері пікірталас материалдары үшін ашық, сондықтан оның мазмұны құрылтайшылардың және редакциялық алқаның (редакциялық кеңестің) көзқарасын міндетті түрде білдірмейді.

Осы басшылық университетте жүзеге асырылатын редакциялық саясатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы №20 «Ғылыми қызмет нәтижелерін жариялау үшін басылымдар тізбесіне енгізуге ұсынылатын ғылыми жарияланымдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығының және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №127 «Дәрежелерді беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде әзірленді.

«ҚЭУ хабаршысы» журналының мақсаты – журналда белгіленген бағыттар бойынша қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми ізденістерінің нәтижелерін жариялау және тарату арқылы отандық ғылымды дамыту. Зерттеулер экономика, философия, педагогика және құқық қолданудың әртүрлі теориялық және қолданбалы мәселелерін қамтуы мүмкін.

обложка вестник 2 2025

Ағымдағы нөмір

ҚЭУ ЖАРШЫСЫ № 1 (80) 2026 DOI.pdf

«ҚЭУ хабаршысы» журналы тоқсанына бір рет (жылына төрт рет) шығады. Қайта басып шығарған кезде журналға сілтеме жасау міндетті. Мақалалар екі рецензенттің анонимді қос соқыр рецензиялауынан өтеді. Журналдың сайты университет серверінде орналасқан және келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://vestnik.keu.kz/index.php/ru/. Журнал шығарылымдарының мұрағаты келесі сілтеме бойынша қолжетімді: https://dorm.keu.kz/nii/archive/.

Қарауға қабылданған мақалалар бойынша екі апта ішінде оларды жариялаудың ықтимал мүмкіндігі туралы мәселе шешіледі. Соңғы шешім Редакциялық алқада талқылау нәтижелері бойынша қабылданады. Мақаланың қаралу барысы туралы барлық ақпаратты авторлар журналдың сайтынан келесі сілтеме бойынша ала алады: https://dorm.keu.kz/nii.

Автор мақаланы ұсынады және «ҚЭУ хабаршысы» журналында жарияланған өз мақаласының электрондық нұсқасын Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің сайтындағы «ҚЭУ хабаршысы» бөлімінде Интернет желісінде өтеусіз негізде қайта жаңғыртуға келісім береді. Автор сайтқа қолжетімділіктің реттелмейтінін түсінуі тиіс. Плагиатты түпнұсқа жұмыс ретінде ұсынуға және бұрын жарияланған мақаланы қайта жариялауға жол берілмейді.

Назар аударыңыз: Автордың мақаланы «ҚЭУ хабаршысында» жариялау үшін ұсынуы журналдың редакциялық саясатымен және ғылыми жарияланымдар этикасының талаптарымен келісім беруі ретінде автоматты түрде қабылданады.

Жариялау үшін ұсынылатын мақалалар ғылыми жарияланымдар этикасына сәйкес болуы тиіс. Авторлар келтірілген фактілердің, дәйексөздердің, экономикалық-статистикалық деректердің, жалқы есімдердің, географиялық атаулардың және өзге де мәліметтердің іріктелуі мен дұрыстығына, сондай-ақ ашық баспасөзде жариялауға арналмаған деректерді пайдалануға жауапты. Мақалада келтірілетін нақты деректер, әдеби және басқа да дереккөздерден алынған барлық мәліметтер, сондай-ақ дәйексөздер тиісті сілтемелермен расталуы қажет. Авторлар жарияланымдарға қойылатын талаптарды сақтауы тиіс.

Қабылданбаған мақалалар авторларға қайтарылмайды. Жарияланымдар үшін қаламақы төленбейді.

Редакциялық алқаның мекенжайы: Қарағанды қаласы, Академиялық көшесі, 9, Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, 303-кабинет, тел. +7 (7212) 44-16-24 (6564). email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған, оны қарау үшін Сізде Javascript қосылған.